Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 07 Сәуір, 2021

Жақсы сөз айту қиын ба?

Күнделікті өмірде жақыныңызға қаншалықты қуантатын сөздерді жиі айтасыз? Мәселен, алғыс айту. «Анашым, мені жарық дүниеге әкелгеніңіз үшін рақмет», «Менің балаларымның әкесі немесі анасы болғаныңыз үшін рақмет», «Менің жанымда әрқашан қолдау білдіргенің үшін рақмет» деген сынды жүректен жыққан жылы сөздер. Немесе, құрбыңызға бүгінгі күні қандай көрікті болып тұрғанын қаншалықты білдіресіз?  

Міне, адам біреудің көңілінен жақсы орын алғысы келсе, оны бірінші қуантуға асығу керек. Оны міндетті түрде іспен дәлелдеу мүмкін емес. Жәй ғана шын ниетіңмен көңіл тебірентер, жылы сөздеріңмен жеткізе білсең жеткілікті.

Өмір бәріміз білетіндей тым қысқа. Сол үшін барлық нәрсені уақытында жасаған өте маңызды. Бірақ, әдеттегідей, өкінішке орай, біз бір уақытта айта алмайтын маңызды нәрсені есімізде сақтаймыз. Көптеген жағдайларда  бұл кемшіліктер туралы жағымсыз жағдайларда ғана  ойланамыз. Мәселен, көбінесе ер адам мен әйел жанжал жағдайында  бір-бірі үшін қаншалықты қымбат екенін түсініп жатады. Сол арқылы бір-біріне көңіл бөлуді, бір-біріне қалай ұнайтындығын айтуды, бір-біріне қалай танданатынын, мақтау немесе алғыс сөздерді айтуды үйренеді.  Немесе,  сізге жақын туыстарыңыз, сүйіктіңіз, достарыныңыз алыс жерде тұрса, оның қадірін ол кеткенде ғана түсініп жатасыз. Сіз, олар қасыңызда болғанда әрқашан жақындарыңызды не мазалайтыны, олар үшін не маңызды екендігі туралы шын жүректен сөйлесуге уақыт таба алмайсыз.

Тіпті, көңіл де көп бөлмейсіз. Ал егер олар сізден алшақ болса, сонда жүрегіңіздің сағыныш сезімі оянады. Міне, жақын адамдармен қарым-қатынастың жетіспеушілігі осыдан  туындайды. Тағы бір қынжылтатын жәйт алдағы өмір жайлы ойлану. Егер ертең мен ойлағандай нәрсе болмаса ше? Өкінішке орай, біз өзіміз немесе біз жақсы көретін біреу қатты ауырып, тіпті ауруханада жатқан кездер болады. Сонда әр түрлі ойлар пайда болуы мүмкін. «Егер бұл менің соңғы күнім болса ше? Мен отбасым мен сүйіктіме оларды қалай жақсы көретінімді, оларды қалай бағалайтынымды, құрметтейтінімді немесе олар маған қандай қымбат екенін жиі айттым ба? Мен оларға менде бар нәрселер үшін, маған жасаған қымбат әрекеттері үшін қаншалықты жиі ризашылығымды білдірдім?  Менен кейін адамдарда мен жайлы қандай сезімдер мен естеліктер қалады?» деген сынды сұрақтар туындауы мүмкін. Сондықтан уақытыңның барында, жаныңның барында жақын адамдарды бағалап, оны білдіріп тұру қажет екен. Тіпті, сүйікті адамыңыз немесе сіздің балаңыз  бір нәрсеге қол жеткізсе, тіпті егер бұл кішкентай жетістік болса да - оны мақтаңыз! Егер бірдеңе ойдағыдай болмай жатса, оған оған бәрі жақсы болатынын айтыңыз, сіз оған үлкен сеніммен қараңыз. Адамдар әрқашан бір-бірінен қолдау күтеді. Қолдау арқылы өмірінің жолына жақсы бағыт таңдай алады.

Жақсы көретініңізді, ол сіз үшін қаншалықты қымбат екенін жиі айтып тұрыңыз! Сонда ғана өмір сізге ғажайып болады.

 

Құралай ЖАНДАРБЕК

"Тұран" университетінің студенті

1266 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз