Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 08 Сәуір, 2021

Түркияда Анадолы агенттігінің басшысы ауысты

«Анадолы» агенттігі директорлар кеңесінің басшысы және агенттіктің бас директоры ауысты. Бұл қызметке Сердар Қарагөз тағайындалды.

 Агенттіктің басқарма құрамының отырысы Анкарадағы бас кеңседе өтті. Мәжіліс қорытындысы бойынша «Анадолының» директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Соңғы алты жыл бойы директорлар кеңесін басқарған Шенол Казанжы қызметін Сердар Қарагөзге тапсырды.

Сонымен бірге директорлар кеңесінің жаңа құрамында доктор Юсуф Озкыр, профессор Хасан Нури Яшар, доктор Исмаил Чаглар мен Бюшра Карадуман Актун бар. Лауазымын тапсыру кезінде Шенол Казанжы соңғы алты жыл бойы «Анадолы» агенттігінің ұжымы жемісті жұмыс істегенін атап өтіп, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

816 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз