Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 08 Сәуір, 2021

Бразилияда пандемия салдарынан кедейлік деңгейі 3 есе өскен

Бразилияда кедейлік деңгейі биыл үш есе өсті. Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, биылғы 3 айда жарлы-жақыбайлар саны 17 миллион тұрғынға жеткен. Бұл жергілікті халықтың шамамен 13%-і. Олардың ай сайын тапқан табысы 44 долларға да жетпейді. 

Сарапшылардың айтуынша, кедей-кепшіктің көбеюіне коронавирус індетінің тікелей әсері бар. Өткен жылдың сәуірінен желтоқсан айына дейін 66 миллион тұрғын үкіметтен жәрдемақы алған. Бірақ соңғы айда ақшалай көмек қысқарып қалды. 

Марсело Нери, зерттеу қорының директоры: 

- Қаржылай көмек беру мәселені шешпесе де, мұны маңызды қадам деп қарастыруға болады. Кедейліктен құтқарудың тағы бір жолы – жаппай вакциналау. Бірақ вакцина толық жеткізілгенше, әлеуметтік арақашықтық сақтау және үйде отыру сияқты талаптарды қатаң ұстанған жөн. 

Родриго Афонсо, «Азаматтық іс-әрекет» ұйымының директоры: 

- Негізі індет аштық әкелмейді. Бұл жоқшылық індетке дейін болған. Коронавирус тек жағдайды ушықтыра түсті. Жаппай жұмыссыздық жайлады.

 

 

705 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз