Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Сәуір, 2021

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру міндетті ме?

Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді. 

 «Бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі. Бұл Үкіметтің Қазақстан Республикасындағы екпелердің ұлттық күнтізбесі бекітілетін тиісті қаулысында да көрініс тапқан», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Сауалдарға жауап беру барысында комитет төрайымы:  «Кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген вакцинация вакцинаны алушының міндетті түрде келісімі арқылы ғана салынатындығын атап өткім келеді. Яғни, кез келген уақытта бас тартуға болады», - деді.

Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова вакцинация жұқпалы аурлармен күрестің ең оңтайлы тәсілі екендігін баса айтты.


 

 

530 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз