Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Сәуір, 2021

Жоғалған жамбылдық ғашықтар 14 күннен соң Қырғызстаннан табылды

Көрші республикадан жасөспірім қашқын-ғашықтар табылды. 23 наурызда полицияға облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны 17 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарласқан, ол наурыздың 22-нен 23-не қараған түні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысында кәмелетке толмаған баланың телефон нөмірінен кетіп бара жатқанда, ол үйден өз еркімен кетуге шешім қабылдағаны және қайтып оралмайтыны туралы хабарлама келгені анықталды. Сол күні туыстары жасөспірімді іздей бастаған. Өз бетінше іздеу нәтиже бермеген соң ата-анасы полицияға жүгінді. 

Кейінірек жігіттің кетуінің себебі – оның ата-анасы сөйлесуге тыйым салған 16 жастағы дос қызына байланысты отбасылық жанжал болған. 

Белгілі болғандай, жасөспірім өзі ғана емес, сүйіктісімен бірге кеткен.

Кәмелетке толмағандарды іздеуге Жамбыл облысының қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 

Жасөспірімдер туралы бағдар Қазақстан Республикасының барлық облыстық полиция департаментіне жіберілді.

Сонымен қатар, іздеу шараларына еріктілер тартылды. Анасының айтуынша, кетіп бара жатқан кезде кәмелетке толмаған баланың қолында ұялы телефоны және металл сынықтарын жинап-тапсырғаннан түскен аз ғана ақшасы болған. 

14 күн бойы іздеген жасөспірімдерді Қырғызстанның полиция қызметкерлері тапты. Жастардың денсаулығы мен тәртібіне, олардың өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Оларды тез табу үшін барлық шаралар қабылданды.

Іздеу жұмыстарын қиындатуға тырысқан олар шаштарын қара түске бояу арқылы сыртқы түрлерін өзгерткен. Ол жақта да металл сынықтарын жинап-тапсырған қаржыға өмір сүрген. Қабылдау пунктіне металл сынықтарын тапсыру кезінде көрші Республиканың милиционер-әріптестерімен ұсталды. 

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері Қырғызстанға кетті. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

inform.kz


 

 

381 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз