Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 08 Сәуір, 2021

Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Динара Шаймұратова Павлодар облысы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Динара Шаймұратова 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы технология және бизнес университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдап, 2017 жылы қаржы академиясында экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды. Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысының салық органдарындағы қызметтерден бастады. 2000–2004 ж.ж. Қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істеді. Осыдан кейінгі 17 жыл ішінде Динара Шаймұратова ҚР Қаржы министрлігінде еңбек етіп, онда бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі мен ішкі қаржы әкімшілік департаментінің басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бастап бүгінгі тағайындалуына дейін ҚР Қаржы министрлігінің жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментін басқарды.

694 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз