Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 08 Сәуір, 2021

Франклин мотивациясы

«Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен мықтысың», «Сен табысты адамдардың қатарынансың» деген сынды бойыңызға ерік, жігер беретін сөздерді жиі естисіз бе? Иә, бұл сізге бір мотивация сыйлайтындай. Жалпы ғылымда мотивация туралы аз сөз айтылмаған.

Мотивация - бұл бізді әрқашан таңертең төсектен тұрып, әрекет етуге итермелейтін күш. Ол біздің барлық әрекеттеріміздің негізінде жатыр. Белгілі бір мақсатқа жету үшін күшті мотивация алуымыз қажет болып тұрады. Сонда ғана сіздің жетістіктеріңіз әлдеқайда маңызды және тұрақты болады.  Мүмкін осы  мақаланы оқып отырғаныңыз мотивация тақырыбына деген қызығушылығыңыздың дәлелі болып табылар. Алдымен,  «Мотивацияны қалай арттыруға болады» деген сұраққа жауап беріп көрейік.  

Бірінші әдіс-табысты адам ретінде ойлауды үйрену. Әрқашан кез-келген істі баспен ойланып жасау керек. Жеңілгендер ойлағандай: "Табысты болу үшін маған көбірек жұмыс істеу керек. Мен көбірек жұмыс істеу үшін қосымша уақытты, қосымша күшімді қайдан аламын? Менде олар жо" деген сынды сылтау ойлау адамды тоқтатады. Ал, табысты адамдар: "Егер мен сәттілікке жетсем, аз жұмыс істеймін. Бос уақытым көп болады, көп демаламын, күшім көп болад" деген сенімді сөздерді айтады. Демек, оған бір күні жақсы бір күн туады.

Екінші әдіс- өз мақсаттарыңыздың қандай болу керектігін түсіну. Орташа деңгейде ойланатын адам бір нәрсені біліп тұрса және соны жасай алса ғана мақсат қоя біледі. Ал, табысты адам табысқа жеткен адамдарға немесе сол жандардың мақсаттарына, тіпті олардың бұл деңгейге жету жолына міндетті түрде көз салады екен. Ол адам өзіне қарамай,  өзінің көзқарасына қатты мән береді. Және өзі сол бойынша әрекет етеді. Болашақ армандары бойынша күн-түн демей ойланып, оған жетуге ғана мақсат қояды.

Адам белгілі бір өмірлік биіктерге жете алады. Тіпті, жеткілікті күшті мотивациясыз мұндай шекараларға шығу мүмкін емес. Ал, оның өмірінде алға жылжу үшін жеткілікті жаттығулар болды. Табандылығының арқасында әрекет ете білді. Өзіне мотивация сыйлады. Яғни, мотивация тақырыбында өз ережелерін ұсынған ең танымал 100 долларлық купюрада бейнеленген Франклин мырзаны білетін шығарсыз. Ол өзінің өмір жолында көрген, түйгенін бізге мынадай ережелерімен таныстырып кетіпті:

1 ереже: Бақыт үлкен жетістіктен туындамайды, бірақ кішкентай күнделікті жетістіктердің арқасында жасалады.

2 ереже: Сіздің өміріңізді қалыптастыруға күшіңіз бар.Ал кейбір адамдарда күш терең жасырылған және оны босату керек.

3 ереже: Сәттілік-бұл ләззат және рахат құбылыс.

Міне, қарапайым ғана сөздер.Оларды сізге айтпасам да, білетіндігіңізге сенімдімін. Бірақ бүгін бұл ережелерге дәл қазір басқаша қарауға тырысыңыз. Мұны сізге жеткен адам айтады. Франклиннің сөздері қаншалықты қарапайым болса да, олардың күші бар. Егер сізге бүгін істеп жатқан ісіңіз ұнамаса, онда сіз шынымен жетістікке жете алмайсыз. Егер сіз бүгін алдыңызға қойған тапсырманы орындамасаңыз, сіз тағы жетістікке жете алмайсыз. Сізде қанша материалдық тауарлар бар екендігі маңызды емес. Тіпті, қанша автомобиль, көп ақша. Егер сіз бақытты болмасаңыз, сіз сәтті бола алмайсыз. Бұл сіздің кішкентай жетістіктеріңізге қуанып, мақтануыңыз керек дегенді білдіреді. Және сіздің мақсатыңызға жету процесінде кім болғаныңызға да қуануыңыз қажет дегенді білдіреді екен. Сондықтан өміріңіздің мәнді әрі сәнді болуын қаласаңыз, қазірден еңбек ете біліңіз. Алдымен жақсылап ойланып табысты адам кейпінде көріңіз. Және сол бойынша әрекет етіңіз.Мотивация жинап, күш-жігеріңізді арттырыңыз...

 

Құралай ЖАНДАРБЕК

2625 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз