Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 09 Сәуір, 2021

Моңғолия мамыр айында әуе шекараларын ашады

Моңғолия 1 мамырдан бастап әуе шекараларын ашады. Алайда қазіргі кезде тек вакцина толық көлемде егілген азаматтарға ғана кіруге рұқсат ету жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Моңғолияның МОНЦАМЭ агенттігі.

Моңғолия үкіметінің кезектен тыс отырысында қабылданған шешімдер жарияланған баспасөз мәслихаты кезінде елдің премьер-министрі Л.Оюун-Эрдэнэ осылай мәлім етті. Үкімет басшысының атап өтуінше, тиімді экономикалық әсерден басқа, бұл әуе шекаралары ашылған соң екі айдың ішінде Хушиг аңғарында жаңа халықаралық әуежайын ашуға мүмкіндік береді.

«1 шілдеге қарай мақсатты топты толық вакциналау туристерді елге келуге ынталандырып, әлемге позитивті сигнал жолдайды. Бұл мақсатпен біз әуежайды Наадам ұлттық мерекесінің алдында ашу үшін арнайы жұмыстар жүргізудеміз», - деді Л.Оюун-Эрдэнэ.

Еске сала кетсек, Моңғолия үкіметі кезектен тыс отырысында жоғары даярлықтың қазіргі режимін қызғылт сары деңгейден қызыл деңгейге ауыстыру және 10-25 сәуір күндері аралығында қатаң карантин режимін енгізу шешімін қабылдады.

 

636 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз