Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 09 Сәуір, 2021

ШҚО-да екі ауылды су басты

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Бородулиха ауданы Новопокровка ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері Новопокровка ауылында тұрғындарды жедел эвакуациялауда. 

Елді мекендегі жер үйлерді су басқан. «Су деңгейі 10-нан 30 сантиметрге дейін жетеді. Қазіргі уақытта 10 тұрғын үйден эвакуацияланған азаматтар туыстарының баспаналарына орналастырылатын болды. Сонымен қатар мектепте және әкімдікте эвакуациялық пункт дайындалған» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнына департаменттен, жергілікті атқарушы органнан және 68303 әскери бөлімнен 83 адам мен 19 техника, 3 жүзу құралы, 5 мотопомпа жұмылдырылған. 400 дана ыдыс-қап төселді.


 

 

894 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз