Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Сәуір, 2021

ESPN телеарнасы Генадий Головкинді номинацияға ұсынды

ESPN телеарнасының Твиттері өз оқырмандарына қазіргі боксшылар ішінен ең үздік джеб көрсеткен боксшыны таңдауды ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz

Бұл тізімге қазақстандық орта са л мақтағы боксшы Генадий Головкин де енді. Көптеген сарапшылар мен жанкүйерлер джеб оның басты қаруы дейді. 39 жастағы қазақстандыққа келер болсақ, ол өзінің соңғы айқасын желтоқсанда өткізген болатын. Аталған жекпе-жекте Головкин жетінші раундта поляк Камил Шереметаны «мерзімінен бұрын жеңді».

Генадий мамырда шаршы алаңға қайта оралып, мексикалық Хайме Мунгиямен кездесуі керек еді. Алайда бұл айқас болмайды. Енді GGG-дің ықтимал қарсыласы – жапон боксшысы Риота Мурату.

 

585 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз