Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Сәуір, 2021

Жылдық инфляция 7 пайызға дейін баяулады

2021 жылдың 1-тоқсанында жылдық инфляция 7 пайызға дейін баяулады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты.

 «Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары елдегі экономикалық белсенділіктің жандану үрдісін көрсетеді. Тауарлар өндірісі оң нәтижесін көрсетіп, 1,8 павйызға өсті. Жылдық инфляция 7 пайызға дейін баяулады», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында. 

Алайда, Үкімет басшысының бірінші орынбасары орталық және жергілікті атқарушы органдар қарқынды көтеру керектігін баса айтты.

«Мүдделі мемлекеттік органдар әкімдермен бірлесіп, сапалы инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын тиімді іске асыру керек. Сонымен бірге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларының өсуіне жол бермеу жұмысы өте маңызды», - деді ол.


 

 

338 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз