Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 12 Сәуір, 2021

Ой сəуле. Бағым ассын десең, еңбек қыл

1. Заман солай екен деп жанталаспа, жанықпа. Болатын нәрсе болады. Болмайтын, бұйырмаған нәрсеге талас қылма. Қанағат ет. 

2. Бағым асса екен демейтін адам жоқ. Бағым ассын десең  еңбек қыл, тер төк һәм адал жүр.

3. Әр жерде жылт етіп көріне қалмақтық жақсы әдет емес. Ондайлар популизмді жақсы көреді һәм жалған қошаметке үйірсек болады. 

4. Өлермендік - өңеш созу, өз ұпайын түгендеп қалу. Ондайлардың өзгеге қайыры аз болады.

5. Тыраштық - әлін білмегендіктен һәм кембағал таланттан болады. Өз қарымын, шама- шарқын білген адам -  негізінде ақылды адам. 

6. Бір кездері сенің айналаңнан кетпей, өлердегі сөзін айтып, күйіп- жанып жүрген адамның  енді келіп түк болмағандай түр танытуы кейде мені таңқалдырады. Әсілі мен көп нәрсені тез ұмыта алмасам керек. 

7. Біреуге кісілік һәм кішілік көрсете қалсаң, әлгінің әп- сәтте шүйіріліп, кісімси қалатыны қалай? 

8. Тегінде бұрынғылардың " кісіге күнімді салмасын" дегенінде үлкен шындық бар. Өзің ғана жалқысың. Өзіңе керексің.  Өсе келе балаң да жат.  

9. Мен күні кешеге дейін әке- шешемді көрмесем сағына қалатынмын. Күніне 3 ет хал сұрап хабарласу - жақсы әдетім еді. Қазіргілер ше? Балаларым дәл мендей ме? 

10. Біреуге тым жақындап кетсең  баяғы сыйластықтың реңінің бұзылып, көп нәрсенің бояуы қашып, бұзылып, төменшіктеп қалатыны қалай? Әсілі тауларды алыстан ғана көрген дұрыс.

11. Кейде тым аңқылдап кетемін. Сол өзіме  ұнай қоймайды. Бірақ табиғатыңнан аса алмайсың. 

 

Ерболат Баятұлының фейсбук парақшасынан

 

915 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз