Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Сәуір, 2021

Сәйкестік пе, әлде?

Бір күнде, бір айда туған ғарышкерлер
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бірінші Май ауылында дүниеге келген. 

Қазақтан шыққан үшінші ғарышкері, Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы Талдықорған қаласы Өтеней ауылында дүниеге келген.

Ғарышқа ұшқан күнінің саны да сәйкес
1991 жылы  2 қазанда Байқоңырдан "Союз ТМ-13" кемесімен ғарышқа ұшты. 

2015 жылы 2 қыркүйекте екінші бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған "Союз ТМА-18М" кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарышқа ұшты.

Ғарыш командирі әкесі мен баласы болған

Тоқтар  Әубәкіровтің командирі - Александр Волков болған еді.

Айдынның Айымбетовтің командирі сол командирдің баласы  - Сергей Волков.

Гиннестің үздік табыстар кітабында енген қазақ ғарышкері
Талғат Мұсабаев – Гиннестің үздік табыстар кітабында енген қазақ ғарышкері
Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында туған. Қазақтың екінші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты.
Ғарышқа 3 рет ұшқан. 1994 жылы ғарышқа бірінші рет ұшқанда 126 күн ғарышта өткізген. 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқанда 208 күн ғарышта өткізді. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет, 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. 2001 жылы ғарышқа үшінші рет ұшқанда 8 күн ғарышта өткізген.

Дайындаған-Бақыт СЫДЫҚОВА
 

1166 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз