Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 12 Сәуір, 2021

Көне кітаптарды қайта қалпына келтіретін маман

Ресейде сәуір айының басында өткен «Құжат реставрациясы: консерватизм мен инновациялар» атты V халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар аяқталды. Бұл туралы Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығының баспасөз хатшысы Камшат Тасболат хабарлады.

Бұл шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Грузия, Беларусь, Әзірбайжан, Украина, Франция, Швеция, Мысыр, Катар, т.б. елдердің өкілдері, жалпы айтқанда, 191 мекеменің атынан 375 маман қатысқан. Өкінішке қарай, пандемияға байланысты көптеген елдердің мамандары семинарға тікелей қатыса алмады, бірақ олар виртуалды кеңістік арқылы қатысуға мүмкіндік алып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Бір айта кетерлігі, Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығының білікті реставратор маманы Сырым Сайлауұлы халықаралық семинарға өз видео баяндамасын жолдаған болатын. Баяндама тақырыбы: «Хижра жыл санауы бойынша 1280 жылғы Құран кітабын қалпына келтіру мәселесі». Бір қуантарлығы, барлық баяндамалар арнайы жинақта басылып шықты.

Қазіргі таңда көне кітаптарды қайта қалпына келтіріп, оларға «екінші өмір» сыйлап жүрген мамандарды көпшілік біле бермейді. Әдетте кітапхана, мұражай, мұрағат сақтаушылары мен реставраторлардың аттары қоғамда еленбей жатады. Қазақстанда мұндай мамандар саусақпен санарлық. Олар да кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында әрқилы халықаралық жиын-жобаларға белсене атсалысып, қатысып тұрады.

Айтулы семинардың тақырып аясы да кең болды. Бір мамандар алтынмен өрнек салу технологиясымен бөліссе, енді бірі кітап қаптау элементін көпшілікке көрсетті. Қатысушылар мәрмәр қағаз дайындау әдісімен, сондай-ақ, құжатты қайта қалпына келтіруде химияны қолдану тәсілімен, көне суреттерді өңдеудің ерекшеліктерімен етене таныса алды.

 

534 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз