- Құмсағат
- 13 Сәуір, 2021
Қазақтар алтын жүлде үшін бақ сынайды
Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде гирек-рим күресінен финалда бақ сынайтын спортшылар анықталды.
Қазақстан командасы сапынан 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы мен 130 келіге дейінгі салмақтағы Әлімхан Сыздықов Азия біріншілігінің алтынына таласады.
Екі балуанның да қарсыласы – ирандықтар. Сұлтан Мейсам Далханимен күрессе, Әлімхан Алиакбар Юсувахмадкалимен белдеседі.
77 келідегі Демеу Жадыраев пен 87 келіге дейінгі салмақтағы Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін кілемге шығады.
Демеу үндістандық Сингх Гарпритпен, Нұрсұлтан өзбекстандық балуан, тәжірибелі Рустам Ассакаловпен өзара мықтыны анықтайды.
534 рет
көрсетілді0
пікір