Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 14 Сәуір, 2021

Медиация   - ынтымақтастық менталитетін қалыптастыру құралы

Биылғы жылдың ерекше оқиғаларының бірі -  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы негізінде шақырылып,  осы айдың соңында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясының өткелі отырғандығы. Осы іс-шараның өтуі ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келіп отыр. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл көп уақыт емес шығар, дегенмен еліміз үшін осы уақыт аралығының ауқымы кең, маңызды зор. Тәуелсіздік пен Ассамблея егіз ұғым тәріздес, ортақ жетістіктерінің бірі - ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау болса, бұл -  көпті тамсандырған ерекше тәжірибе.

 Алғаш тәуелсіздік алып,  ел экономикасы ауырлаған тұста мемлекеттің ертеңі үшін ұлыстар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру қажет болды. Осы орайда, тұңғыш Президентіміз - Елбасының ұлтаралық келісім тәуелсіздікті сақтаудың іргетасы болатындығын ескеріп, көпұлтты халықты біріктіру үшін жүргізген саясаты  мемлекет үшін дұрыс бағыт болғандығын уақыт көрсетіп отыр. Осылай құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде ел арасында үлкен беделге ие болып, алыс-жақын шет елдерге танылып отыр. Ассамблея құрылған уақыттан бері көптеген халықаралық жобаларға бастамашы болды. Ол жобалардың негізгі мақсаттары – нәсілі мен ұлтына, тілі-дініне, қай әлеуметтік топқа жататынына қарамастан Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттардың дәстүрлерін жан-жақты дамыту болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын кеңейтіп, еліміздегі этностарды бір жерге топтастырып, рухани бірлік идеяларын қалыптастырып, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайтып, татулықты сақтап келді. Бүгінде біздің еліміз халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі және бар  әлемге этносаралық және конфессияаралық  татулық пен бірлікті  сақтаудың нақты үлгісі болып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы айтқанда медиация институты туралы айтпай кету  мүмкін емес. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Елбасы - Н.Назарбаев медиацияның маңыздылығы мен дамуы туралы ерекше атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясына – қоғамдық келісім, қайырымдылық және медиация кеңестері жұмысының жаңа бағыттарын күшейтуді тапсырған. Бүгінгі таңда  медиация   ҚХА қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып  отыр. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданған  "Медиация туралы" Заңының  дамуына да Ассамблеяның ықпал еткені сөзсіз.

Бүгінде еліміздің әр өңірінде, әр қалада медиаторлар ұйымдары мен олардың өкілдері жұмыс жасап отыр. Олар сот немесе өзге де құқық қорғау органдарына жүгінбестен  белгілі мәселелер бойынша дау-жанжалдарды шешуде  тиісті  көмек көрсете алады. Осы орайда, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, оның ішінде Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің тарапынан атқарылып жатқан игі шараларға тоқталған жөн болар. «Қоғамдық келісім» ММ медиация кабинеті облыс көлемінде шоғырланған медиаторлар қауымдастығы және өңірдегі 200-ден астам қоғамдық медиаторлармен тығыз байланыс орнатқан. Елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, тек 2020 жылдың өзінде, тұрғындарға медиация институтын насихаттауға, қоғамдық медиаторларды оқытуға байланысты түрлі іс-шаралар қашықтықтан өткізіліп, тиісті нәтиже көрсетті. Халықаралық, облыстық деңгейдегі жаттықтырушы-медиаторлардың қатысуымен  облыстың Ұлытау ауданында, Сатпаев, Жезқазған, Теміртау қалаларында өткізілген семинарлар мен онлайн форматта тұрақты түрде өткізілетін кеңес беру отырыстарының тұрғындар үшін маңызы зор болып отыр.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына арналған Жолдауында соттарда дауларды шешудің балама  түрлерін, медиация институтын дамыту мәселесіне ерекше  көңіл бөлуі де облыс медиаторлары үшін тың серпіліс тудырды. Қазіргі уақытта облыс медиаторлары Президент Жолдауын негізге ала отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге облыс аймағында орналасқан «Татуласу Орталығы»,  медиаторлар қауымдастығы мен медиация институтын дамытуға байланысты іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты нақты жұмыстарға кірісті. Осы орайда Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар Кеңесі мен волонтер-медиаторлардың алатын орыны ерекше. Аймақта орын алған медиация кабинеттерінде жұмыс жасайтын  қоғамдық медиаторлар, аналар Кеңесінің мүшелері отбасылық дау-дамайларды шешуде нәтижелі жұмыстар атқарса, волонтер медиаторлар медиация институтын насихаттауға байланысты жұмыстарды жүзеге асыруда.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданысқа енгеніне 10 жыл болатынын ескерсек, алға қойған тың мақсаттар жетерлік. Сол мақсаттардың бірі- Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиаторларының қатарын көбейту. Яғни, медиация ынтымақтастық менталитетін қалыптастырудың ерекше тәсілі ретінде стратегиялық ойлауға қабілетті, болашақты көріп, болжай алатын азаматтарды тәрбиелеуге, туындаған қақтығыстарды өркениетті шешуге  ықпал ететін бірден бір құрал емес пе?

Ендеше,  ұлтымыздың толеранттылығының құпиясы – халқымыздың  даналығы, төзімділігі мен сабырлылығын ұстана отырып,  ынтымақтастық менталитетін қалыптастыруға атсалысу басты мақсат болуы тиіс.

Светлана Шардарбекова,  Қарағанды облысы кәсіподақтар Орталығы жанындағы Татуласу Орталығының басшысы,

     «Zolotaya seredina-SM» ҚБ Президенті,  

Қарағанды облысы ҚХА кәсіби медиаторы

801 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз