Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 14 Сәуір, 2021

Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасының жүлде қоржыны екінші алтынмен толықты. Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық балуан финалда ирандық Мехди Нижадпен кездесіп, 8:4 есебімен жеңіске жетті. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея жартылай финалда Ирак балуанын жеңген болатын.

Айта кетелік, бұл Қазақстан командасының Азия біріншілігіндегі екінші алтыны. Кеше 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы чемпион атанды.
 

522 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз