Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Сәуір, 2021

Ақмола облысындағы өзендерде су тасқыны қаупі жоғары

Соңғы күндері күндіз ауа температурасы 17-18 градусқа дейін көтеріліп,  астана іргесіндегі аудандарда өткен аптаның өзінде жағдай қиындады. Қоянды мен Қараөткел ауылдарында біраз үйлерге су кіріп, тұрғындар әбігерге түсті. 

«Қазіргі уақытта ондағы судың көбі арнайы техникамен сорылды», - дейді құтқарушылар. Дегенмен, мамандар енді өзендерден қауіп төнуі мүмкін екенін айтады. Себебі, күннің күрт жылынуынан мұз қабаты бұзылып, су айдындарының жылдам еруі байқалады. Аймақта Есіл, Жабай, Қал-құтан және Нұра өзендері қауіпті болып есептеледі. 

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығы:

 - Ең қауіпті аудандар бізде мынау: Целиноград, Аршалы ауданы, Атбасар ауданы, Көкшетау қаласы және Сандықтау ауданы. Біздің күштеріміз, ТЖД күштері және жергілікті атқарушы органдардың күштері қазіргі уақытта дайын.

 

 

304 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз