Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 15 Сәуір, 2021

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?

Жыл басынан бері астананың дүкен сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін 4,6 млрд теңге жұмсалған.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңес отырысында тұрақтандыру қорында сақтаулы тұрған азық-түліктің мөлшері туралы сауал қойылды.

«Жалпы бағаны тұрақтандыруға бізде форвордтық келісімшарттар түрінде 4,6 млрд теңге бөлінді. Бұл жобада сегіз кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Сондай-ақ, мәслихат отырысында бағаны ұстап тұруға қосымша 1,2 млрд теңге мақұлданды. Бұл берілген келісімшарттар. Біз тікелей фермерлермен жұмыс істей бастадық. Бұрынғы механизмнен біртіндеп бас тартып жатырмыз», - деді қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.

Әкімдік өкілі тұрақтандыру қорының жұмысын форвордтық сатып алу тәсілі арқылы басқаруға осыдан үш жыл бұрын кірісіп бастағандарын еске салды.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы тікелей өндірушілерге несие бөлеміз. Өндірушілер сауда желілерімен тікелей байланысады, сәйкесінше күзде алынатын өнімнен өзімізге қажет мөлшерді алдын ала қамдап қоямыз. Орташа алғанда, бағалар дәстүрлі түрде қаңтар-мамыр айларында, былтырғы өнімнің түбі көрініп, жаңасы жетіліп үлгермей жатқан кезде өседі. Бұл жұмысты жалғастырамыз», - деді басқарма басшысы.

767 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз