Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 15 Сәуір, 2021

Бүгін «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» - ғашықтар күні

Кейде көшеде жүрген көп xалықтың ішінен қос ғашықтарға қарап ойланып кететінім бар. Жүздеріне қарасам, бір-біріне деген маxаббаты шексіз тәрізді. Күлімсіреп қараған көздерінен қамқорлық сезімі бірден байқалады. Қол ұстасқан екі жас бірде мейрамханада, бірде саябақта кездесіп, бір-біріне сыйлықтарын сыйлап жатады. Әрбір адам – өз махаббатының бағбаны. Ал сіз ғашықтар күні қай күні екенін білесіз бе?

  Мектеп табалдырығында жүрген кезімізде қызыл жүрекше хаттарды оқушылардың бір-біріне таратып жүргенін байқаушы едім. Алайда ол,  христиан дінінің 14 ақпан күні «Әулие Валентин» деп аталатын ғашықтар күні еді. Кейбір мектеп орталарында ол күнді тойлауға тыйым салынған. Яғни, қазақ ұлтына жат мейрамдардың бірі болатын. Бірақ, бұл мейрамды жастардың көбісі дерлік атап өтеді.  Ал, біздің қазақ халқының ғашықтар күні 15 сәуір «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні» деген ерекше есіммен аталады. Бұл атауды толық тарқатып айтпасақ та бәрімізге белгілі болар. Көне заманымыздың ғашықтар символы бола білген бірін-бірі құлай сүйген қос ғашықтың махаббаты бізге үлгі боларлықтай еді. Содан болар, бұл айтулы ғашықтар күні біздің көп өңірде  аталып өтіледі екен.

Кейбір деректерде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күнінің тарихы былай көрсетілген:  Бұл мереке жыл сайын 15 сәуірде аталып өтеді. Мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы мен Баян күнін атап өтуді алғаш 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған екен. Ол жастар ұйымдары, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттық ғашықтар күнін мерекелеуге шақырды. Қоғам қайраткерінің бастамасы көптің көңілінен шыққаны рас, бірақ мерекенің нақты датасы көпке дейін белгіленбей, әр өңір әртүрлі тойлай бастапты. Мәселен, Таразда 15 сәуір — Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні, Семейде 11 наурыз – Баян күні, тағы бір өңір 19 мамыр –  Қозы күні аталсын деп жан-жаққа тартқан екен. Кейбір жастар осы мерекені арнайы күтіп, сүйіктісіне тосын сый сыйлауға дайындалып жүреді. Алайда бұл күнді арнайы ғашықтар мейрамы екен деп күтпей-ақ, қасыңдағы жақыныңа сыйлықты мезгілсіз бергенге не жетсін?! Ал сіз ше, ғашықтар күнін 14 ақпан атап өтесіз бе, әлде 15 сәуір ме?!

Құралай ЖАНДАРБЕК

 

 

 

1518 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз