Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Сәуір, 2021

UFC Макгрегор – Порье трилогиясын ресми түрде хабарлады

UFC басшысы Дана Уайт ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Дастин Порье жекпе-жегін ресми түрде жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz

Еске салайық, Дастин Порье Твиттерде жанжалдасқаннан кейін Конор үшінші жекпе-жек өтпейтінін мәлімдеген еді. Спортшылардың жанжалдасуына Порьенің қайырымдылық қоры себеп болған: Дастин Конорды алдады деп айыптаса, ирландиялық файтер америкалықты қаржылық күдікті адам деп меңзеген. 

Екі салмақ дәрежесінде UFC экс-чемпионы шілдеде Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегіне басқа қарсылас іздей бастаған, Порьенің орнына шығуға файтерлер де табылған. Екі күн өткен соң UFC басшысы бұл жанжалдың нүктесін қойды. 

 

Макгрегор мен Порье арасындағы үшінші жекпе-жек 10 шілдеде Лас-Вегаста UFC 264 турнирінде өтеді.

 

Айта кетейік, жартылай жеңіл салмақтағы алғашқы кездесу 2014 жылы өткен, сол кезде Макгрегор Порьені алғашқы минуттарда нокаутқа түсірген болатын. Ал былтыр қаңтарда Әбу-Дабидегі UFC 257 турнирінде реванш жеңіл салмақта өтіп, америкалық файтер Конорды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

527 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз