Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Сәуір, 2021

Палодарда қоқыстан табылған елтаңбаға қатысты видео тексерілуде

Павлодар облысының прокуратурасы қоқыс полигонына лақтырылған мемлекеттік рәмізге қатысты оқиға бойынша түсініктеме берді. 

«Облыс прокуратурасы бейнероликте түсірілген оқиғаға қатысты қызметтік тексеруді жүргізуде. Сондай-ақ ақпаратты есепке алу кітабының материалы аясында полиция тексеру шараларын бастады. Мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасында.

Интернетте Қазақстанның ескі үлгідегі елтаңбасы мен Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокуратурасы кіреберісінің тақтайшасы қоқыс полигонында жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл – Ақтоғай ауылының облыс орталығынан екі шақырым қашықта орналасқан полигон. 

«Мемлекеттік рәміз ол жерге қалай тап болған? Бұл қадағалаушы органның өздері жасады ма, соны полиция анықтауы керек», - деп жазды бейнероликті түсірген автор. 

Әлеуметтік желіге таралған видеода Ақтоғай ауданының прокуратурасына кіреберісіндегі тақтайша және құрылыс қоқыстарының арасында жатқан екі елтаңба түсірілген.

«Аталған факті тіркелді. Тексеру шаралары жүргізілуде», - деп атап өтті Павлодар облыстық полиция департаменті.


 

 

326 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз