Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 16 Сәуір, 2021

Қанат Ислам жазда шаршы алаңға шығады

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Қанат Ислам (28-0, 22 КО) алдағы мамыр айында жаттығуға қайта кіріседі. 

"Бірнеше апта бұрын Қанат Стамбулда (Түркия) болды. Қазір ол Қазақстанда, өз отбасының жанында" - дейді ақпарат беруші. 

Оның айтуынша қазақстандық боксшының келесі кездесуі алдағы маусым айына жоспарланған. Алайда, қарсыласы туралы ақпарат әлі белгісіз. 

Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан күні Қанат Ислам АҚШ-тың Флорида штаты, Майами қаласында эквадорлық Джейсон Миндуға (14-4-1, 8 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, жетінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңген болаиын. Кездесуден кейін қазақстандық супер орта салмақта WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексиандық Сауль "Канело" Альваресті  (55-1-2, 37 КО) жекпе-жекке шақырды. Қанат Ислам жылына екі жекпе-жек өткізіп отыруды жоспарлауда.

570 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз