Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 16 Сәуір, 2021

Мамандықты қалай таңдау керек?

Болашақ мамандықты қалай таңдауға болады? Жасөспірімдерге арналған лайфхак

"Болашақта қандай мамандық иесі боламын?"- әр жоғары сынып оқушысы жауап беруі керек қиын сұрақтардың бірі. Жұмысқа деген сүйіспеншілік, қоғамдағы мәртебе, жалақы деңгейі, мансаптық перспективалар... Әрине бұлардың бәрі маңызды болып көрінеді. Дегенмен қалай шешім қабылдаймыз?

 1. ӨЗІҢІЗДЕН СҰРАҢЫЗ: "МАҒАН НЕМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰНАЙДЫ?"

Өзіңізге ұнайтын жұмыстардың тізімін жасаңыз – бұл тізімге тек қана өзіңіз жақсы көретіндерін ғана кіргізіңіз,  "қажет" немесе "қажет емес" деген сөзге байланысты емес. Оған сізге қуаныш әкелетін барлық нәрсе кіруі керек: мысалы, оқу, сурет салу, адамдармен сөйлесу, велосипедпен жүру...т.б

 

Бұл тізімді қалай жасауға болады және оны тағы да немен толтыру керек?

Сізге қызықты әрі қатты ұнайтын істерді  көрсетуден қорықпаңыз, ол салада  сіз өзіңіз қалағандай дәрежеге жетпесеңіз де. Қабілеттер мен дағдыларды дамытуға болады, тек уақыт пен күш жұмсау қажет. Бұндай жағдайда басты мотиватор сіздің шынайы қызығушылығыңыз болып табылады.

Балалық кезіңізден бастап кумир деп санаған, жұмысы мен мәртебесі қызықтыратын танымал адамдарды есіңізге түсіріңіз. Олардың өмірінің қандай ерекшеліктері сізді көбірек шабыттандырады? Мүмкін сіз болғыңыз келетін кейіпкер, әлемді аралап саяхаттайтын шығар? Мүмкін оның нақты жұмыс кестесі бар шығар? Немесе керісінше, жоқ па? Сізге оның басшылық лауазымға жұмыс істегенін қалайсыз ба? Немесе өз қабілетін көрсетіп, өнер жолында бола ма? Өзіңіз  болашақта армандайтын кейіпкерді сипаттаңыз.

Қиялыңызға ерік беріңіз... Сізде көп ақша бар деп елестетіп көріңіз, соншалықты көп ақша туралы ойланудың қажеті жоқ. Міне, сол сәтте сіз немен айналысатын едіңіз? Мамандықты ақша үшін емес, өзіңіздің махаббатыңызбен таңдаған абзал.

Ата-анаңыздан және жақын достарыңыздан көмек сұраңыз. Оларға келесі сұрақтарды қойып көріңіз: "менде қандай талант бар?"," Менде қандай қабілет өте күшті немесе  толық дамымаған алайда қолымнан келетін жұмыстар бар ма?", Ойланыңыз,  тізімге қолыңыздан келетін қабілеттеріңізді және сүйікті хоббиіңізді де жазыңыз.

 2. МАМАНДЫҚТЫ ҮЙРЕНІҢІЗ

Көбісі футболшы немесе танымал экран жұлдыздары болғысы келеді. Бірақ сіз профильді білім алған адамдардың қанша бөлігі &"ахна артында" қалатыны туралы ойландыңыз ба? Мамандықты таңдағанда, сіз жақсылап зерттеу жүргізуіңіз қажет. Өйткені көбісі дизайнерді оқығанымен, жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған соң,  кассир болып жұмыс істеуі  мүмкін.

Ақпаратты қайдан іздеу керек? Сізге осы кәсіби жолдан өткен адамдардың өмірбаянынан көп нәрсе білуге болады.  Яғни дәл сіз таңдаған мамандық иелерімен әңгімелісіп көріңіз. Дәл осы жолда қандай сәтсіздіктер, қыйыншылықтар кездесті, жеткілікті ақпараттармен танысасыз.

Бұл жолда шабыт пен өзіне деген сенімді жоғалтпауға көмектесетін мотивациялық кітаптар.

Уинстон Грумның "Форрест Гамп" романы.

Адель Селлудің "Сіз менің өмірімді өзгерттіңіз" кітабы. Кітап желісімен  "1+1" фильмі түсірілді.

Барбара Шердің "Армандау жаман емес" кітабы

Әр кейіпкердің өмірдің қиын кезеңінде алған тәжірибесі біз үшін үлкен сабақ. Бұл адам қандай дағдыларға сүйенгенін және оған жетістікке жетуге не көмектескенін талдаңыз.

Мунира АМИРОВА

2102 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз