Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 17 Сәуір, 2021

Мемлекет меншігіндегі балалар басылымдары біріктірілмейді

Мемлекет меншігіндегі балалар басылымдары біріктірілмейді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауап берді.

«Мемлекет меншігіндегі «Ұлан», «Дружные ребята», «Ақ желкен», «Балдырған» балалар басылымдары біріктірілмейді. Олар қалыптасқан формат бойынша, атаулары мен қаржыландыру көлемін сақтай отырып, жұмысын жалғастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 7 қарашадағы № 743 қаулысына сәйкес «Қазақ газеттері» ЖШС-ын қайта құру жұмыстары оның құрамындағы балалар басылымдарының қызметіне ықпал етпейді. Серіктестікті қайта құрудың нәтижесінде оған қосылып жатқан республикалық газеттердің әкімшілік персоналы ғана оңтайландырылады», - делінген Ералы Тоғжановтың жауабында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Қазақ газеттері» ЖШС құрамындағы «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері аптасына бір рет, «Ақ желкен» журналы айына бір рет 5 000 дана тиражбен, «Балдырған» журналы айына бір рет 10 000 дана тиражбен басылып шығады. Олардың электрондық нұсқалары серіктестіктің сайтында қолжетімді.

2020 жылы аталған балалар басылымдарын қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 133,7 млн теңге, ал 2021 жылы 134, 7 млн теңге бөлінді.


 

535 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз