Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Сәуір, 2021

Әлемдегі ең алғашқы фильм

Қазіргі таңда назар салып қарасақ, кино индустриясының дамығаны соншалықты әр күн сайын жаңа фильм жарық көреді. Ал сіз дәл осы кино әлемі қалай басталғаны туралы қызығып көрдіңіз бе?

Әлемде кеңінен таралған алғашқы фильм 1895 жылы түсірілген "Пойыздың Ла Сиота станциясына келуі". Кино дәуірінің басталуы дәл осы қысқы бейне түрткі болды. Бұл туынды алғаш рет Франция да ағайынды  Лумиердің түсірген және көпшілікке көрсеткен деректі қысқа метражды фильмі. Содан бері Август Луи Мари Николас пен Луи Жан киноның негізін қалаушылар болып саналады. Орыстілді сайт пен дереккөздерде бұл 49 секундтық фильм "пошта пойызының келуі" немесе "пойыздың келуі"деген атпен белгілі.

            Бұл фильм мағынасыз сюжеттен тұрады. Экранда Ла Сиота станциясының теміржол платформасында пойыздың тоқтауы, сондай-ақ вагондар бойымен жүретін жолаушылар көрсетіледі. Бірақ, соған қарамастан, туынды кеңінен танымал болды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, фильмнің көрсетілімі сол кездегі әлемді таң қалдырған, өйткені қарапайым халық ол пойыздың "жанданған" бейнесін қабылдауға психологиялық тұрғыдан дайын емес еді. Адамдар алғаш рет киноны көрген сәтте, пойыздың құлауынан қатты қорқып, экранға жақындай алмаған.

            Әлемдегі ең алғашқы дыбыстық фильм "джаз әншісі"музыкалық фильмі тарихтағы алғашқы толық метражды фильм болып табылады. Суретте синхронды репликалардың дыбысталуы қолданылған. 1927 жылы таспаның шығуы үнсіз кино дәуірінің  аяқталып, дыбысталған музыкалы фильмдердің дәуірі басталды. Ол кезде дыбыс "Вайтафон" технологиясымен жазылған.            

            "Джаз әншісі" картинасында басты -  422 мың доллар. Ол кезде тіпті Уорнер өз туындыларына аз ақша жұмсаған. Алайда, "джаз әншісіне" дейінгі таспаларда дыбыстық диалогтар ғана болған. Бірақ барлық фильмдер қысқа болды. Тек 1921 жылы Нью-Йорк кинотеатрында Гриффиттің "армандар көшесі" толық метражды фильмі көрсетілді, онда бір ән эпизоды және бірнеше көпшіліктің дауысы жазылған.

Мунира АМИРОВА

1302 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз