Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 17 Сәуір, 2021

Чехияда Қазақстан Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай конференция өтті

Прагада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай онлайн-конференция ұйымдастырылды. 

Қазақстан елшілігі мен Ұлттық академиялық кітапхана бастамашы болған шараға Чехия ғалымдары, сарапшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында қазақстандық дипломаттар еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктерін баяндады.

Өз кезегінде конференцияға қатысушылар еліміздің экономикалық өсу жолына жоғары баға беріп, әлемдік аренадағы саяси рөлін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар іс-шара барысында екі ел өкілдері Қазақстан-Чехия сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын тілге тиек етті. 

Кездесу соңында конференция қатысушылары Қазақстан халқын мерейтойлық датамен құттықтап, елімізге өркендеу мен сәттілік тіледі.

 

 

505 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз