Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 18 Сәуір, 2021

Кəсібің өрге жүзсін десең

Қазіргі таңда әрбір жеке тұлға өзіндік бір кәсіп иесі болуды көздейді. Жалақы алып отырған жұмысына қарап отырмай, екінші жақтан саудасын немесе кәсібін жүргізіп отырғандар да бар.  Кəсіппен айналысатындардың бірі қайтсек те байлардың қатарынан боламыз деп мақсат қойса, ал енді  бірі отандық бизнесті дамытатын, мықты кәсіпкерлер қатарынан болуды көздейді. Оның ішінде кәсібін адал жолмен де, арам жолмен де іске асырып жатқандар да жетерлік. Ал, сіз қалай ойлайсыз, кәсібіңіз өрге жүзсін десеңіз не істеу керек?

Ең бірінші адам баласында өз ісіне деген қызығушылығы, махаббаты және ниеті басымырақ болу керек. Ниетіңе орай күш- жігерің оянып, ойыңа түрлі идеялар келуі мүмкін. Кәсібің зат сату, тіс емдеу, қаржылай көмектесу, заң бойынша кеңес беру сынды кез-келген сала бола алады. Бастысы өз жұмысыңа деген талпынысың сені өрге жетелеуге жол ашады.

Кез-келген адаммен жақсы қарым-қарынас жасау білу керек. Адам баласы түрлі мінезде ғұмыр кешеді. Сіз мейірімді, ашық жарқын болсаңыз тіптен жақсы. Күліп қарағанға одан сайын күлімдеп, көмек көрсеткенге аянбай қол ұшын созып тұру қажет. Қол астыңыздағы жұмысшылармен де сыпайы әрі орынды аралассаңыз, оларда сізге бағынуға тырысады. Сонда ғана бір-бірлеріңіздің көңілдеріңізді табу оңай болмақ.

Әрине, кәсіп бастағаннан кейін ең алдымен адал табыс көзін ойлап тұру қажет. Біреуге деген зияныңыздан пайдаңыз көп тисе, сол жақсы. Бойыңыздағы бар ықыласыңызбен тұтынушыға өз жұмысыңызды немесе затыңызды еркін ұсыныңыз. Бастысы ол оған пайдалы болуы тиіс. Ешкімнің ала жібін аттамай, біреудің нанын жемей, өз пайдаңызға ғана өмір сүрмей күн кешіңіз. Алдап-арбау, коррупция сізді ешқашан адал пайда көзін табуға әкелмейді.

Айналысатын кәсібіңіз адамдарға барынша пайдалы болуға тиіс. Сонда ғана сізде жақсы нәтежие болады. Мүмкін, сіз біреудің жаман ауруын емдейтін дәрі-дәрмек шығарып жатқан боларсыз. Немесе көпшіліктің көңілінен шыға алатын киім-кешек тігіп жатқан шығарсыз. Енді біреуге заң тұрғысынан кеңес беріп, басқаға үй алып беруге көмектесіп жатқан болуыңызда мүмкін. Қысқасын айтқанда, тұтынушы сұранысын арттыратындай кәсіп жолын жасаған дұрыс.

Әрине, жоғарыда айтылғандардың бәрінен жақсы нәтижие көру үшін сіздің жасаған жарнамаңыз да маңызды рөл атқарады. Бір адам затыңыздан немесе ақпаратыңыздан пайда алып жатса, ол келесі бір адамға міндетті түрде сол жайлы кеңес бере алуы тиіс. Сол үшін жасаған кәсібіңіз елге пайдалырақ болсын десеңіз, жарнаманы да жақсы жасауды ұмытпаған дұрыс.

 

Құралай ЖАНДАРБЕК

1529 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз