Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Сәуір, 2021

Коронавирус: Алматыда вирус жұқтырғандар саны артып барады

Алматыда коронавирус жұқтырған 3 868 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. 

 Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 677 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 557-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 120 -ы симптомсыз ауырған.

 «Инфекциялық стационарларда 3 868 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 101 бала емделуде. 885 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 983 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 258 адам жатыр. Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 85 адам ем қабылдауды жалғастыруда. 

Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 328 пациент бар. Оның ішінде 5 522 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 806 адамда ауру белгілері жоқ.


 

 

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз