- Шартарап
- 18 Сәуір, 2021
Үндістанда тәулігіне 260 мың адам коронавирус жұқтырды
Үндістанда бір тәулікте 261 500 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Елде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 14 788 109-ға жетті.
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап, RT хабарлайды.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1501 адам көз жұмды. Үндістанда COVID-19 расталған 177 150 адам мерт болды.
Дереккөз:24.kz
650 рет
көрсетілді0
пікір