Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 19 Сәуір, 2021

Қазақтың танымал актрисасы өмірден озды

Ғазиза Әбдінәбиева (1948 жылы 3 қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Торғатай ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Құрмет орденінің иегері (2006).

1948 жылдың Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген.

1970 жылы Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Өнер институтының театр факультетінің актер бөлімін бітірді.

1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
С. Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» (реж. Ә. Рахимов)–Райхан
М. Мақатаев «Қош, махаббат»(реж. Б.Атабаев)–Әже,
Абай шығармалары бойынша сахналанған «Абай десем…» (реж. Б.Атабаев) –Ана,
А.Тасымбеков, Қ.Ысқақ «Кебенек киген арулар»(реж. Б.Атабаев) –Тұтқын,
Қ. Мырзалиев «Түрт, сайтаным, түрт»(реж. Ә.Рахимов) –Шекер,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейнесі»(реж. Б.Атабаев)–Күләй,
Ш. Құсайынов «Үкілі Ыбырай»(реж. Б.Атабаев)–Ана,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев)–Мөржан,
М. Әуезов «Айман–Шолпан» (реж. Е. Обаев)–Теңге
Ө.Боранбаев «Әңгүдік»( реж. О.Кенебаев ) –Зинаида,
Қ. Мұхамеджанов, Ш.Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О.Кенебаев) –Айша апай,
Д.Исабеков «Мұрагерлер» (реж. О. Кенебаев)–Салиха,
С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә.Рахимов)–Нарбота,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази)–Елес,
И.Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев)–Баронесса,
Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов)–Сүт-ана,
Шекспир «Гамлет»(реж. Ю. Ханинга-Бекназар)–Гертруда,
Н.Гоголь «Ревизор» («Пара», реж. Е. Обаев)–Анна Андреевна,
А.Чехов «Шағала» (реж. Б. Атабаев)–Аркадина,
М.Кәрім «Ай тұтылған түн» («Күнәһар», реж. О. Кенебаев)–Таңқабике,
Ү.Ғаджыбеков «Аршын мал алан» (реж. Т. әл-Тарази)–Жихан,
И.Вовнянко «Қаза мен жаза» (реж. А.Әшімов, С.Асқаров)–Дәулетқалиева,
А.Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А.Маемиров)–Бейтаныс әйел, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Нан», «Қауын», «Қыз жылаған», «Жел адам», «Сіз кімсіз, К. мырза?»,«Біржан сал», «Айналайын», «Тоғысқан тағдырлар», «25 км», «Зауал», «Побег из аула», «Кемпір», «Домашние войны» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.

 

906 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз