Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Сәуір, 2021

Сарыағашта тасбақалар табиғат аясына қайта жіберілді

Әлеуметтік желіде Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округінің аумағында жер телімі қоршау ретінде заңсыз қазылып, шұңқырларға тасбақалар түсіп шыға алмай жатқандығы жарияланған болатын. Осыған орай, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен еріктілер тобы Әлімтау ауылдық округіне арнайы барып, еріктілер тобы шұңқырларға түскен тасбақаларды шығарып, табиғат аясына қайта жіберді.

Айта кетерлігі, Әлімтау ауылдық округі аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін қоршау мақсатында жер қазу жұмыстарын жүргізген 6 тұлға анықталып, тиісті шара қолдану бойынша арнайы ұсыныс хат жолданды. Атап айтқанда, 1 тұлғаға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 339 бабының 1 тармағымен 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, жер заңдылығының бұзылуын жою жөнінде нұсқама берілген.

Ескерте кететін жайт, алдағы уақытта заңсыз жер қазу жұмыстары жүргізілген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, айыппұл салынады.

604 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз