Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Сәуір, 2021

Маңғыстау жəне Қызылорда облыстары "қызыл" аймаққа өтті

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның  21 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

Матрицаға сəйкес Қызылорда мен Маңғыстау облыстары «сары аймақтан» «қызыл аймаққа», Солтүстік Қазақстан облысы «сары аймақтан» «жасыл аймаққа» өтті. 

Сонымен бүгінгі күні «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау ооблыстары тұр. 

«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары тұр.

«Жасыл аймақта» Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары ғана. 

Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан.


 

 

366 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз