Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Сәуір, 2021

Еурокомиссия қауіпсіз вакцинаны атады

Дәрі-дәрмектер жөніндегі еуропалық агенттік Johnson & Johnson вакцинасының қауіпсіз екенін мәлімдеді. Бұл ақпаратты Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Twitter-дегі парақшасында: «Еуроодақта вакциналау науқанын іске асыру үшін жақсы жаңалық» деп бағалады. 

Естеріңізге сала кетейік, Janssen фармацевтикалық компаниясы АҚШ-та екпеден кейін ауыр тромбоз оқиғаларынан кейін өзі өндірген осы вакцинаны Еуроодаққа жеткізу ісін тоқтатып тастаған еді.

Еуроодақ екінші тоқсанда Johnson & Johnson препаратының 55 миллион дозасына тапсырыс берген. 

Эмер Кук, EMA атқарушы директоры: 

- Johnson & Johnson вакцинасының артықшылығы тромбтарды түзілу қаупінен басым болып тұр. Препараттың қағазында бұл туралы арнайы ескерту және денсаулық сақтау жүйесінің мамандары үшін ақпарат беріледі. Көп жағдайда аталған вакцина коронавирус салдарынан ауруханаға түсуден және қайтыс болудан қорғай алады."

 Сабин Штраус, EMA Тәуекелдерді бағалау комитетінің басшысы: 

- Johnson & Johnson вакцинасын клиникалық сынау кезінде болған бір жағдай туралы бұрыннан айтылып келе жатыр. 7 оқиға АҚШ-та қолданғаннан кейін болды. Бүгінде бұл вакцинаны 7 миллионнан астам адам қабылдады. Аурудың асқынуы вакцина салдырғаннан кейін алғашқы 3 апта кезеңінде жасы 60-тан асқан әйел адамдар болған. 

 

24.kz

 

434 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз