Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 21 Сәуір, 2021

Жалғас Жұмағұлов қиындықтары жайлы ашып айтты

Аса жеңіл салмақта UFC-де өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Жалғас Жұмағұлов (13-5) ораза уақытында АҚШ-тан Қазақстанға оралды.

Еске салайық, биыл наурыз басында Жұмағұлов АҚШ-қа жиын өткізуге аттанып, америкалық танымал American Top Team залында дайындық жұмыстарын жүргізген. Жалғас үшінші жекпе-жегін 10 шілдеде UFC 264 турнирінде өткізеді. Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Джер Ривера (9-5) болады.

Елге оралған соң Жако Arlan MMA Pro Team YouTube-каналына сұхбат берді.

– Басында қиын болды. Тіл білмедім. Баспана, тамақтану мәселесі болды. Спортзалға қарама-қарсы қонақүй таптым, сонда тұрдым.

– American Top Team-де жаттығуды суретке түсіруге болмайды, тек бір селфиге рұқсат беріледі.

– Басында маған Марина Мороз бен оның жары (украиналық Марина Мороз UFC-де өнер көрсетеді, промоушендегі рекорды – 5-3), кеңестер берді, бапкер мәселесінде көмектесті. Мен оның командасында жаттықтым.  

– Мария Агапованы көрдім, бірақ жаныма келмеді, алыстан қол бұлғады. Ол жерлесім ғой, жаныма келіп, жағдайымды сұрап, қандай көмек керегін сұрайды деп ойладым. Әрине, одан көмек сұрамас едім.    

– Рамазан уақытында үйге келдім, АҚШ-қа 15-іне қарай кетемін, сол жақта жаттығу лагерін өткіземін, келісіп қойдым, - деді Жалғас.

Сұқбаттың толық нұсқасын сілтеме арқылы көре  аласыздар. https://youtu.be/5D6y64inXyc

908 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз