Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Сәуір, 2021

Баспана бағасы тұрақтай ма?

Биыл маусым айында баспана құнына қатысты баға тұрақтайды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.

Тұрғын үй нарығындағы баспана бағасының өсуі мәселесіне тоқталған агенттік басшысы, осы орайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі мамандармен саладағы жағдай талқыланғанын жеткізді. Бұл ретте аталған министрлік тарапынан тиісті ережелерге өзгерістер енгзіліп жатыр. Сонымен қатар ол биыл маусым айында баспана бағасының өсуі тоқтауы мүмкін екенін айтты.

«Біздің жұмыстарға тоқталсақ, нарыққа 11 хаттама жібердік. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында баға төмендеді. Баға көтерілмеуі үшін тиісті қадамдарды жасадық. Біздіңше, маусым айында баға өсуді тұрақтандырамыз, бірақ баспана құны төмендемейді. Оны түсіну керек», - деді С. Жұманғарин.

Биыл сәуір айының орта кезінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жаңа бағдарлама енгізілгеннен кейін тұрғын үй бағасы көтеріле бастағанын айтты.

«Бастапқы нарықтағы тұрғын үй құны қаңтарда 3 пайызға, қайталама нарықтағы тұрғын үй 17 пайызға қымбаттады. Наурызда бағаның өсуі тоқтады. Біріншісі 0,5 пайызға, ал екіншісі екі пайызға қымбаттады. Сәуір мен мамыр айларында өсім тоқтайды, ал маусым мен шілдеде бағалар тұрақтанады деп ойлаймыз», - деді Қ. Өскенбаев.

 

530 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз