Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Сәуір, 2021

Қоқыстағы елтаңбалар: сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда

Павлодар облысының Ақтоғай ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан Мемлекеттік елтаңбалардың табылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Павлодар облысы прокурорының міндетін атқарушы Жарқын Құсайынов мәлім еткендей, полигоннан Ақтоғай аудандық прокуратурасы ғимаратының маңдайша жазуы бар тақтайшаның, сондай-ақ оған жақын маңнан ескі үлгідегі Мемлекеттік елтаңбалардың табылу фактісі бойынша облыстық прокуратура қызметтік тексеру жүргізді.

«Мемлекеттік елтаңбалар Ақтоғай ауданының прокуратурасына тиесілі емес екені анықталды. Ақтоғай ауданы прокуратурасының қызметкерлері мен жұмысшыларының Мемлекеттік елтаңбалар табылған қоқысты шығаруға қатысы жоқ», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Ж.Құсайынов.

«Мемлекеттік елтаңбаларды Ақтоғай ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығаруды жүзеге асырған тұлғалар ҚР ҚК-нің 372-бабы бойынша Ақтоғай ауданының полиция бөлімі жүргізетін сотқа дейінгі тергеу аясында анықталады», - деп толықтырды ол.

Бұған дейін интернетте Қазақстанның ескі үлгідегі Елтаңбасы мен Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокуратурасы кіреберісінің тақтайшасы қоқыс полигонында жатқаны туралы видео тараған болатын.

440 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз