Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Сәуір, 2021

Алматыға қалыңдығы 8 см қар жауды

Алматыда қардың толассыз жауғанына бір тәулік болды. Синоптиктер болжамы бойынша бүгін түстен кейін тоқтау керек.

Таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 10-12, ал қалаға 6-8 см қар түсті. Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберісіне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы қоспа себіліп, қар тазаланды. 

Көктайғаққа қарсы 243 тонна материал пайдаланылды. Тротуар, жаяу жүргінші аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалтарыстарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жүргізіліп жатыр.

Қар тазалауға 395 арнайы техника, оның ішінде 136 құм шашатын техника бар, 965 жұмысшы жұмылдырылған. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалауды тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған. 

 


 

 

447 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз