Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Сәуір, 2021

Қоқыста жатқан мемлекеттік рəміздерге қатысты тексеріс аяқталды

Павлодарлық прокурорлар қоқыстан табылған Елтаңба мен прокуратура тақтайшасына қатысты қызметтік тексерісті аяқтады.

Құзырлы ведомство өкілдері қоқыста жатқан мемлекеттік символикаға мекеменің қатысы жоғын айтты.  

«Павлодар облыстық прокуратурасы қоқыстан табылған Ақтоғай ауылының прокуратурасына тиесілі тақтайша мен ескі нұсқадағы Елтаңбаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында Елтаңба аудандық прокуратураға тиесілі емес екені анықталды. Ақтоғай аудандық прокуратурасының қызметкерлері Елтаңба табылған қоқысқа қатысы жоқ», - деді Павлодар облысы прокурорының міндетін атқарушы Жарқын Құсайынов.  

Ведомство мәліметінше, бұл деректі полицейлер тергеп жатыр.  

«Ақтоғай ауылындағы қоқыс полигонына мемлекеттік рәмізді лақтырған адамдар анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша Ақтоғай аудандық полиция бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», - деді Құсайынов.   

Еске салайық, 15 сәуірде Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінен Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылғаны туралы əлеуметтік желіге  видео тарағаны хабарланған болатын.  Видео пайда болғаннан кейін табылған затты Павлодар облысының прокуратурасы зерттей бастады. Ведомство өкілдері бұл дерек тексеріліп жатқанын хабарлады.

 

 

360 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз