Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Сәуір, 2021

Ескек есуден Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамасына үмітті

Ескек есуден Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алуға барын салады. Бас бапкер Андрей Шантарович ол үшін спортшылардың дайындығы мығым екенін айтты. Ал нәтиже 5 мамырда Таиландта басталатын Азия аймақтық іріктеу турнирінде белгілі болады. Бастапқыда бұл жарыстың өтуінің өзі екіталай еді. Дегенмен, халықаралық ұйым санитария талаптарын қатаң  сақтай отырып, турнирді ұйымдастыруды жөн көрген.

Қазақстандық спортшылар да лицензияның басым бөлігін дәл осы Таиланд елінде ұтып алуды мақсат етеді. Атап айтсақ, ерлер арасында екі адамдық байдарка және  каноэдан, әйелдер арасында екі адамдық каноэ, бір адамдық каноэ және байдаркадан жолдама еншілеуді көздеп отырмыз, деді бас жаттықтырушы. 

Айта кетейік, турнирге дейін Қазақстан командасы шетелде 8 ай жаттықты.

 

 

489 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз