Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 22 Сәуір, 2021

Жапонияда қайтадан төтенше жағдай режимі енгізілмек

Жапония билігі ел премьер-министрі Ёсихидэ Суганың бастамасымен Токио, Осака, Киото және Хёго префектураларында жаңа коронавирустың таралуы салдарынан ахуалдың нашарлауына байланысты төтенше жағдай режимін қайтадан енгізу туралы шешім қабылдады.

Ресми бұл шешім туралы жұма күні хабарланбақ. Жергілікті билікті келе жатқан мерекелерге байланысты ірі қалалардағы коронавирус оқиғаларының өсу қаупі алаңдатады.

Жапон билігі 7 қаңтар күні бірқатар өңірлерде ТЖ режимін енгізген еді. Айта кетер болсақ, режимнің ең ұзағы Токиода және оған жақын Канагава, Сейтама, Тиба префектураларында 22 наурызға дейін созылды. Алайда ол алынғаннан кейін жұқтыру оқиғаларының өсу үрдісі қайта басталды. 

Соңғы деректерге сәйкес, Жапонияда жұқтыру оқиғалары 548 мыңнан асқан, 9,7 мың адам қайтыс болды.


 

 

473 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз