Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 23 Сәуір, 2021

Киім-кешек атаулы сырттан әкелінеді

Бір жылда Қазақстанда барлығы 46,3 млрд теңгеге киім өндірілген. Ал кешегі Кеңес Одағы дәуірінде дүркіреп тұрған жеңіл өнеркәсібіміз қазір толықтай импорттаушылар қолына өтіпті. Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында еліміздегі компаниялар 7 млрд теңгеге киім-кешек өндірген, ал бұл осыдан бір жыл бұрынғыдан – 24,1%-ға артық деген сөз. Ресми деректер бойынша, нақты түрде, өндіріс өсімі өткен жылмен салыстырғанда, 19,9%-ды құраған. Мұндай мәліметтерді energyprom.kz мониторингтік агенттігі өз сайтында жариялады. 

Аймақтарға бөлгенде киім-кешек шығарудың неғұрлым көбірек ауқымы Алматы облысының еншісінде: 1,4 млрд теңге, яғни көрсеткіш бір жылда плюс 13,4%-ды құраған. Үздік үштік құрамына Алматы қаласы (1,1 млрд тг, плюс 35%) мен Қарағанды облысы (969,3 млн тг, плюс 59%) кірген. Айта кету керек, алдыңғы қатардағы аймақтарда «Ажар ТФ» ЖШС, «Glasman» ЖШС, «Textil Market» ЖШС, «Демеу-Арна» ЖШС, Казлегпром-Алматы» ЖШС және де басқа көптеген компаниялар жұмыс істеуде.

Жалпы алғанда, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында компаниялар 46,3 млрд теңгеге, соның алдындағы бір жыл бұрынғыға қарағанда, нақты түрде 5,5%-ға ғана артық киім-кешек шығарған екен (1-инфографика).

Мынаны да ескерген жөн: іс жү­зінде киім өндірісі, жеңіл өнеркәсі­бінің әңгімелеп отырған жалпы ауқымында минусқа ұшырап отыр. Мәселен, тоқыма киімдері мен осы сияқты трикотаж бұйымдарын өндіру бір жылда 20,7%-ға, 17,1 мың данаға дейін қысқарған. Ерлер сырт киімін шығару 52,6%-ға, 15,5 мың бұйымға дейін құлдырап кетсе, әйелдер сырт киімі – 51,8%-ға, 14,2 мың бұйымға дейін, емшектегі баланың трикотаж киімі – 77,4%-ға кем шығарылған.

Тек қалпақтар мен бас киімдер (плюс 63,6%) және шұлықтар (плюс 15,8%) ғана плюс көрсеткішпен танылған.

Бейінді қауымдастықта, қазақстандық киім-кешек өндірушілер банкроттық шегіне жетті, деп хабарлайды  «Хабар24» ақпараттық арнасы. Өткен жылғы тауарлардың қыруар топтамалары әлі күнге дейін сатылмай, қоймаларда шаң басып жатыр, соның салдарынан кәсіпкерлер 4 млрд теңге көлемінде шығын шегуде. Жеңіл өнеркәсіп саласы басқалардан да кем түспестей жапа шекті, сондықтан қолдауға мұқтаж. Басты ұсыныстардың бірі кәсіпорындарды корпоративтік табыс салығынан бес жылға босатуға қатысты болып отыр. Қазір көптеген кәсіпкерлер «коронадағдарыс» қысымына шыдамай,  өз бизнестерін жабуға мәжбүр болуда (Таблица).

Қазақстандықтар жергілікті киім-кешекке үміт арта алмайды. Мысалы, биылғы жылдың қаңтарында, сыртқы трикотаж киімдерінің өндірісі бір жылда 3,7%-ға (5,6 мың бұйымға дейін) өскеніне қарамастан, жергілікті компаниялар сұранысты (ішкі нарықтағы өткізу плюс экспортқа шығару) бар-жоғы азғантай ғана, 0,6%-ға орындалған.

Свитерлер мен жемпірлер сегментінде жағдай сәл ғана жақсырақ (бір жыл бұрынғы 2,8%-ға қарағанда, сұраныс 1,3%-ға) және нәски-шұлық бұйымдары бойынша (бір жыл бұрынғы 4,5%-дан, 3,9%-ға ғана) қамтамасыз етілген (2-инфографика).

Соңғы бір жылда сыртқы киімге бағалар наурыздағы қорытынды бойынша 4,9%-ға және наурыз айында – 0,3%-ға өскен.

Соның ішінде ерлер киімі 5%-ға, әйелдер киімі – 4,9%-ға, балалар киімі – 4,5%-ға қымбаттаған.

ИСА ҚАМБАР

2725 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз