Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 25 Сәуір, 2021

Сакураның философиялық мәні неде?

Соңғы кездері оңтүстік астанамызда Жапонияның сүйікті Сакура ағашы да жерсініп, гүлдеп жүр. Жапондықтардың ханами деген дәстүрі бар - бұл олардың гүлдерге тамсанып қарау ұлттық дәстүрі. Ханами - өте қысқа мерзімді ғажайып сәт, небәрі 7-10 күнге созылады, ал кейін гүл жапырақтары түсіп қалады. "Гүлдеп жатқан Сакураның әсемдігін бағаламай, көктемде Жапонияға барудың да қажеті шамалы",- дейді туристер. 

Бүгінде Алматыдан осы ағаштың гүлдеу сәтіне де куә болып жүрмыз. Кезекті фотообъективімізге сакураның әсем гүлдері ілікті. 

Сакура баяғыдан нәзіктік пен сүйіспеншіліктің нышаны. Оның қызғылт түсі ешкімді ешкімді бей-жай қалдырмағандықтан шығар. Сонымен қатар, сакураның гүлдеуінде философиялық мән бар. Гүлдеу кезеңі ұзаққа созылмайды. Бұл әлемнің жаратылу уақытын, әдемі сәттердің ауысуын еске түсіреді, адамдарды өмірдің әр сәтін бағалауға шақырады.

Сакураның жапырақтары эстетикалық ләззаттан басқа, кәдімгідей пайда әкеледі. Ол тағам дайындауда қолданылады. Косметология мен парфюмерияның хош иісіне пайдаланылады, сакура сығындылары бар бет пен денеге арналған көптеген өнімдер шығарылады. Ал оның үлкен сұранысқа ие екендігі таңқаларлық емес.

Жапон әйелдерінің сұлулығының құпиялары бүгінгі күнге дейін қызықты. Сакураның гүлдерін көруге болатын басқа елдер мен қалалар мысалы, Париж, Стокгольм, Вильнюс болғанына қарамастан, Жапонияға табиғаттың қызғылт кереметін көруге баратындар көп. Өйткені Жапония нәзік гүлдері бар ағаштың отаны болып саналады.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

2180 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз