Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 26 Сәуір, 2021

Әлібек Манабаев: Жыл соңына дейін әскерилердің 100 пайызы вакцина алады

Қарулы Күштерінің жеке құрамына екпе салдыру жұмыстары қызу жүргізуде? Вакцинаның тақырыбы туралы бүгінгі қонағымыз Бас әскери медицина бастығының орынбасары медицина қызметінің полковнигі Әлібек Манабаев толығырақ айтып береді?

Baigenews.kz ақпараттық агенттігінің сұрақтары: жылдың соңына дейін қанша әскери қызметші екпе алады?

–Жылдың соңына дейін біздер 100 пайыз әскерилерді вакцинациялау жоспарлап отырмыз. Әрине 100 пайыз ол болмайды,  өйткені медициналық қарама-қайшылықтар болады. Ол жанағы бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген жүктілер, бала емізетіндер, қандай да бір аурулары бар адамдар.

Жақсы. Әскерлер вакцинаға байланысты ғылыми сынақтар мен тәжірибелерге қатыса ма?

–Жоқ, әскерилер ғылыми сынақтарға, клиникалық зерттеулерге қатыспайды. Бұл халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексінде қарастырылған. Бұл әскери қызметтің ең бірінші тұрақты әскери даярлықта болуы мен байланысты.

Qazaqparat халықаралық ақпараттық агенттінің сұрақтары: екпе қабылдаған әскери қызметшілерге қандай да бір жағымсыз әсерлері байқалады ма? Екпеден кейін олар жалпы өздерін қалай сезінуде?

Қарулы Күштерінде жаппай вакцинациялау 10 сәуірден басталды. Қазіргі күнде 18 мыңнан астам адам вакцинация екпе алды. Бірақ олардың ішінде жағымсыз әсерлер болған жоқ. Қандай да бір вакцина алған кезде шамалы дене қызуының көтерілуі, екпе салған орнынының ауруы сияқты шағымдар болған. Ол барлық вакцина алған кезде иммундық жүйенің қарсы реакциясы деп есептейміз.

Толықтай вакцина алған қанша? Яғни екпенің екінші  компонентін қабылдағандардың санын айтсаңыз?

–Толықтай вакцинация алған адамдардың саны 500-ден астам қазіргі уақытта.

Toppress.kz ақпараттық сұрақтары: алыс гарнизондағы екпе  қабылдау үрдесі қалай ұйымдастырылған?

–Алыс гарнизондарда екпе жүргізу жергілікті денсаулық сақтау мекемелері арқылы жүргізіледі. Олар аймақтық денсаулық сақтау мекемелерінен жылжымалы екпе жүргізетін бригадалар арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Ал жалпы мерзімді әскери қызметшілерге екпе салынады ма?

–Мерзімді әскери қызметшілерге екпе салынады. Бұл қатерлі топ санатына жататын болғандықтан әскери қызметшілер көп адам бір жерде өмір сүреді, бір жерден тамақтанады соған байланысты оларды бірінші ретте вакцинациялауға жатады. Ол үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Әрбір әскери қызметші ерікті түрде екпе алады.

Әлеуметтік желілерде әскери қызметшілерді екпе салуға мәжбүрлейді деген ақпарат жүріп жатыр. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

–Бұл ақпаратты рас деуге келмейді. Өйткені әрбір әскери ортада әскери қызметші өзінің басшылары, командирлеріне еліктеу арқылы вакцинация алуға талпынады. Мысалға бөлім командирі, медицина қызметкерлері өткеннен кейін олар да екпе алып қатардан қалмауға тырысады.

Басшылық құрамнан екпе салғандар кімдер?

Қорғаныс министрлігінде екпе салғандардың ең алғашқылары ол Қорғаныс министрінің өзі оның орынбасарлары, бас қолбасшылары. Әрине медициналық қарама-қайшы болған адамдарға ғана екпе алған жоқ.

Жақсы. Sputnik Қазақстан желілік жаңалық агенттігінің сұрақтары: екпе қабылдаған медицина қызметкерлерінің санын айта кетсеңіз?

Мыңдаған адам бүгінгі күнде алды әскери медицина саласының мамандары.

Ал жалпы Қазақстанда қанша әскери медициналық қызметкерлер бар?

3000-мыңнан астан әскери қызметкерлер бар бүгінгі күнде.

Қажет болған қанша медициналық қызметкер коронавирус індетіне күресуге жұмсалады?

–Мұндай мәселе қарастырылған. Денсаулық сақтау мекемелерінің жергілікті әкімшіліктердің сұранысы бойынша 2000-мыңнан астам әскери медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы іс-шараларды жүргізуге жұмылдыра алады.

Қазіргі кезде Қазақстанда коронавируспен күреске жұмылдырылған әскери медицина қызметкерлері бар ма?

–Жергілікті әкімдіктердің сұранысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас әскери клиникалық госпиталь мен Алматы қаласындағы әскери клиникалық госпиталь коронавирусы бар  науқастарды емдеуге жұмылдырып отыр.  Бұл мекемелерде тәжірибе жеткілікті өйткені пандемияның 1-ші кезеңінде Қарулы Күштердің 4 әскери мекемелері коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге жұмылдырды.

Ал оларға үстемақы төлеу жағы қарастырылған ба?

–Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы қарастырылған. Азаматтық денсаулық сақтау саласындағы әріптестер сияқты оларда үстемақы алып отыр.

Әлібек Нығметоллаұлы, жауаптарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

1807 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз