Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 10 Мамыр, 2021

Ерлан Заиров: Балабақша тек қазақ тілінде болуы шарт

Мәжіліс депутаты Ерлан Заиров балабақша тек қазақ тілінде болуы шарт екендігін айтты. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.

-Дүниеде бүгінде 6 700 тіл бар екен. Екі аптада сол тілдің біреуі жойылып отырады.

Қазірде төрткүл дүниеде халқы 100 млн асқан ұлттардың тіл үстемдігі орнауға жақын.

Бұл жаханданудың кері әсері.

Қазақ тілі миллиондық тілге жатады.

Дегенмен, біздің тілдің болашағының фундаменті жөнінде көбірек ойлану қажет.

Қазақ тілін дамыту үшін тіл қолданушылардың саны артуы тиіс.

Қазақтың санын арттыру басты мақсат және міндет.

Ана тілімізді бүлдіршіндерге үйретудің қызықты әдіс- тәсілдері пайда болуы тиіс.

Қазақ өзі ана тілінде сөйлеуі қажет.

Қазақ мәдениеті дүниежүзілік мәдениет деңгейіне жетуі керек.

Димаш әлем деңгейіне шыққаннан кейін, шет елде қазақ тіліне деген қызығушылық күрт артқан.

Яғни, қазақ жастарының әлемдік деңгейге шығуы да қазақ тілінің дамуына ықпал етеді.

Балабақша тек қазақ тілінде болуы шарт.

Қазақ тілі мамандарын дайындауға жаңа қарқын, жаңа үрдіс жасау керек.

Ең талантты, баламен жұмыс жасауға қабілетті жеткіншектер осы салаға келуі тиіс.

Олардың жалақы, үстем ақыларын дұрыс қалыптастыру керек.

Қазақстан мемлекеттілік идеясы да ана тілімізді дамытудың тетігі.

Қазақ тілін мемлекеттік символы, халқымыздың рухани институты деп жариялауды талқылау керек,-деді депутат өз жазбасында..

 

1236 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз