Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Мамыр, 2021

Төрегелді Шарманов, академик: Қол ұстасып сәлем берудің қажеті жоқ

Қазақтың табиғатында, тарихында, өмірде қол алыспаған.

Тек қана кездескен уақытта иіліп қана сәлем береді. Сондай көркем, мәні терең. Мұның астарында сыйластық та, құрмет те жатыр. Жүрегіңді қолыңмен ұстап сәлем беру біздің тарихи, қазақтың байырдан келе жатқан жай ғана түсінігі емес, осылайша сәлем берудің әсемдік жағы жатыр.

Ал қол беріп, қалай болса солай бара салу деген – ол тым дөрекі. Қолды қай кезде береді. Қазақта ертеректе қолды үлкен адам өзі ұсынса ғана береді. Ал жөні жоқ қол алысу деген біздің тарихымызда, табиғатымызда болмаған жағдай.

Біздің тарихымыздың инабаттық көрінісін жаңғыртуымыз керек. Ол дәл осы кезеңге сай келіп отыр.

473 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз