Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 10 Мамыр, 2021

"Милан" сырт алаңда "Ювентусты" ойсырата ұтты

А сериясының соңғы ойындарында көпшілік күтпеген нәтиже тіркелді. 

«Милан» сырт алаңда «Ювентусты» 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бірінші тайм түгесілер шақта қонақтардың жартылай қорғаушысы Браим Диас өз командасын алға шығарды.

 Ал ойынның 78-минутында Анте Ребич таблодағы көрсеткішті еселей түсті. Алайда Милан ойыншылары мұнымен тоқтаған жоқ. 82-минутта Фикайо Томори матчтағы үшінші голды соғып, ойынды түйіндеді.   

Осылайша «Милан» 72 ұпай жиып, турнир кестесінің үшінші сатысына орнықты. Ал қоржынында 69 ұпайы бар туриндік клуб 5-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, «Милан» «Ювентусты» сырт алаңда он жылда алғаш рет жеңіп отыр.

 

 

368 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз