Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 10 Мамыр, 2021

Ойталқы. Хабарлассам бола ма?

"Түрік халқында келісім - ішкі жан дүниенің ұғысуы. Жақын адамдар ағылшындар секілді рұқсат сұрап әрекет жасай бермейді. Мысалы, "мен саған хабарлассам" - деп туыстар бір-бірінен рұқсат сұрап жүрсе, оны алыстап кеткен адамдардың әрекеті деп білеміз. Жалпы, түркі халқында, келісім - ішкі ұғысудан туған. Аға- ініге қалаған уағында себепсіз жай қонақ боп бара алмаса,  әпке  сіңілісінің жайын сұрай алмаса, бұл - жат адамдардың тірлігі. Алыстан танитын ағайыныңнан ғана рұқсат сұрайсың. Себебі оның қас-қабағын толық білмейсің. Ал, жақын адамдардың арасында тіптен шын достардың арасында шекара болмауы керек. Жақындық - сұрану мен ақталудан емес, себепсіз қуану мен қуантудан тұруы керек". Бұл - Түркияның тоғызыншы президенті, мемлекет қайраткері Сүлеймен Демирелдің айтқан сөзі. 

Соңғы кезде мәдениетті боламыз деп  туыстығымыз бен достығымыз жасанды боп бара жатқан сияқты. Шекара болуы керек деп жатады. Бірақ ол туыстар мен жақын достар арасында болмауы керек. 

Тура мына аудармада айтылғандай, жақын досымыз бен бауырымыздың үйіне тосыннан бара аламыз ба? Әлде “Хабарлассам бола ма?” деп алдын ала хабарлама жазып, рұқсат сұраймыз ба? Сіз қалай ойлайсыз? 

 

 

1472 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз