- Құмсағат
- 10 Мамыр, 2021
Бадминтоннан V жастар ойыны өтеді
Республикалық дода 10-16 мамыр аралығында Шымкент қаласында орналасқан Орталық Азия бадминтон орталығында өтеді. Жарысқа Алматы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан және Алматы мен Шымкент қалаларынан 100-ге жуық спортшы қатысады.
Қатысушылар арасында жастар командасының үздіктері, атап айтқанда, Шалагин Андрей (Батыс Қазақстан облысы), Абдуллаев Дамир (Шымкент), Лысенко Илья (Қостанай облысы), Жұмабек Айша (Шымкент), Моисеенко Дария (Қостанай облысы) және Рахметуллаева Наргиза (Батыс Қазақстан облысы) бар.
Жастар ойындары барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, көрерменсіз өтеді.
479 рет
көрсетілді0
пікір