Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 10 Мамыр, 2021

Полицейлер адам өмірін құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан қалалық  ПД жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» СК көпірінен ер адам секірмекші болды деген хабарлама келіп түсті. Полицейлер келген бойда жас жігіт көпірден секіріп үлгерген.

Уақыт өте тығыз болды, біз суға түсіп жігітті киімінен ұстап, қауіпсіз жерге шығардық, - дейді оқиға орнына келген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Темірлан Әділбеков пен Олжас Алтынбеков. 

Анықталғандай, 22 жасар жас жігіт мас күйінде болған. Жігіт медициналық көмек алуы үшін дәрігерлерге жіберілді. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.

 

405 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз